Оралда сегіз жастағы баланы өрттен алып шыққан жігіт марапатталды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

11 сынып оқушысын марапаттауға ТЖ департаментінің барлық қызметкерлері келді. Өрттен екі адамды алып шыққан жігіт болашақта кәсіби құтқарушы болуды армандайды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

"Ерлігі үшін": Оралда екі адамды өрттен құтқарған оқушы марапатталды17 жастағы оқушы «Өрт кезіндегі ерлігі үшін» марапатталды. Ол жанып жатқан үйден сегіз жастағы баланы және бір үлкен кісіні алып шықты. 

Өрт Тайпақ ауылының маңайында орналасқан үйде шықты. Баспананың өртеніп жатқанын көрген Мирас Жүнісов үй иелеріне хабар бермек болады. Бірақ іштен баланың жылаған дауысы шыққан соң, ойланбастан үйге кіріп кетеді.

8 жастағы Ғалым Батырбекті сыртқа көтеріп алып шығып, оны өлім аузынан аман алып қалады. Бірнеше уақыттан кейін Жүнісов үйде біреудің жөтеліп жатқанын естиді. Ішке қайтадан кіріп өртте қалып қойған кісіні тауып, сыртқа алып шығады.

ТЖ қызметкерлері жігітке медаль тағып, қолына диплом табыстады. Мектепті жақын арада бітіретін батыр азамат болашақта кәсіби құтқарушы болғысы келеді. 

«Мен істегеніммен мақтанғым келмейді. Мақтау есту үшін істеген жоқпын. Ең бастысын, адамды құтқаруды ойладым. Өртті көріп тұрып, кетіп қалсам, дұрыс болмайтын еді. Сосын мені арым мазалайтын еді», — дейді Мирас Жүнісов.  

 

stan.kz