Оралда сәбиін өлтірген ана ұсталды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Сәбидің денесі 6 қазан күні таңертең табылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Оралда қоқыстардың бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары оқыс оқиға 6 қазан күні таңертең Құрманғазы көшесінің бойындағы үйлердің ауласында болғанын айтады.

«Ауладағы қоқыс жәшігінің жанынан пакетке оралып, қара түсті спорттық сөмкеге салынған жаңа туған сәбидің денесі табылды. Қалалық полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында 1988 дүниеге келген Орал қаласының тұрғыны ұсталды», – делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төрт әйелдің күдікке ілінгенін айтты. Оқиға орнынан сөмке, жамылғы, екі пакет, екі кілт, домофон кілті, бір аяқкиім ізі алынды.

«Әйел «баласын тұншықтырып өлтірді ме, әлде сәби өлі туды ма?» әлі белгісіз. Бұл тергеу барысында анықталады. Сәбидің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», – деді баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: «Туғым келмеген еді»: Павлодарда анасы екі айлық сәбиін аяусыз ұрып өлтірді

Бұл  факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 100-бабы («жаңа туған баланы анасының өлтiруi») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



sputniknews.kz

Загрузка...