Оралда ер адам 60 джиптің ортасында көшеде тайраңдап жүрген

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Ұсталған адам бұған дейін бірнеше рет сотталған болып шықты. Қазіргі уақытта полиция оның қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша — Sputnik. Оралда 60 джиппен көшеде жүрген ер адамды полиция ұстады. 

«Тойота Прадо», «Гелендваген», «Лексус» көліктері Самал-1 ауданында «Арасан» саунасының жанында тоқтатылды, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

Орал қаласы полиция басқармасының басшысы Мирлан Айкеновтың айтуынша, 20 джип полицияға жеткізілген.

«Жедел-профилактикалық шара аясында Қазақстан азаматы ұсталды. Ол Орал қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Ер адам 60 көлік жалдап, солардың ортасында көшеде жүрген», – деді Айкенов.

Ұсталған адам бұған дейін бірнеше рет сотталған болып шықты. Қазіргі уақытта полиция оның қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр.

«Белгілі бір ақпарат бар, бірақ қазір оны айта алмаймын», – деді полиция басқармасының басшысы.

Істің басқа мән-жайы анықталып жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...