Орал тұрғыны үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды

0

Жас жігіт полицейлеге үйлену тойынан кейін келіншегімен ұрсып қалып, өз-өзіне қол салуға шешім қабылдағанын айтып берген

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Оралда 20 жастағы жігіт таңғы сағат төртте бес қабатты үйдің шатырына шығып, секірмек болды, деп жазады өңірлік «Мой ГОРОД» порталы.

19 қаңтар сағат 4.27-де «102» нөміріне қала тұрғыны хабарласып, белгісіз ер адамның бес қабатты үйдің шатырына шығып алып, секіремін деп қорқытып жатқанын айтады. Полицейлер шұғыл оқиға орнына жетеді.

«Біз келген кезде ер адамның үйдің төбесіне шығып алып, «Мамамды шақырыңдар, мен оны жақсы көремін, онымен қоштасқым келеді» деп айғайлап жатқанын көрдік. Мен құтқарушыларды шақырдым. Содан кейін СОБР қызметкері екеуміз шатырға көтерілдік», – деді Орал полиция басқармасының қызметкері Мұхит Абылқайыров.

Төбеге шыққаннан кейін полицей жігітті сөзге тартады. Ол тәртіп сақшысына 18 қаңтарда үйленгенін, тойдан кейін келіншегімен ұрсып қалып, өз-өзіне қол салуға шешім қабылдағанын айтады.

«Аз уақыт сөйлескеннен кейін ол мені сыйлайтынын, менің қолымды қысқысы келетінін айтты. Осы уақытта мен оны өзіме тартып алдым, ал мені СОБР қызметкері тартып алды», – деді ол.

Кейін оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жетті.

Полицейлермен төмен түскеннен кейін ер адам оларға алғысын білдірген.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз