Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық өз еркімен Сеулге барды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазіргі уақытта қазақстандық Чангвон қаласының тергеу абақтысында отыр. Қазақстан елшілігі бұл мәселені бақылауда ұстайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяда баланы қағып, Қазақстанға қашып кеткен жас жігіт өз еркімен Сеулге ұшып барды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Ол осыған дейін мектеп оқушысын көлікпен қағып, Оңтүстік Кореядан кетіп қалған.

«Қазақстан азаматының бұл елге елшілік қызметкерлерінің бақылауымен барды. Дипломаттар жеке сұқбат барысында оған өз құқықтарын түсіндіріп, тергеу жұмыстарын жүргізу кезінде қалай әрекет ету жайында кеңес берді», – делінген хабарламада.

 Қазіргі уақытта қазақстандық Чангвон қаласының тергеу абақтысында отыр. Қазақстанның Оңтүстік Корейдағы елшілігі бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстайды.

Айта кетейік, өткен айда Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы Кёнсан провинциясында бастауыш сыныпта оқитын баланы көлікпен қағып кеткен. Салдарынан баланың басына қан құйылған. Бүгінде ол ауруханада ес-түссіз жатыр.

Тағы оқыңыз: Үш ер адам мәйітті ауруханаға жеткізіп, қашып кетті – оқиғаның мән-жайы 

Рёнхап агенттігі қазақстандықтың жүргізуші куәлігі болмағанын, көлік басқа адамның атына тіркелгенін хабарлаған.

Осылайша, оңтүстіккореялық полиция жас жігітті бірден қолға түсіре алмапты. Күдікті оқиға орнынан бірден ізін суытып, Қазақстанға ұшып кеткен. Кейін оның Павлодарда жүргені анықталған.



sputniknews.kz

Загрузка...