Оңтүстік Кореяда ауыр жұмысқа шыдамаған 7 қазақстандық азамат көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0

Соңғы алты айда Кореяда жеті қазақстандық мигрант қайтыс болды. 30-40-жаст аралығындағымигранттар ауыр жұмысқа шыдамаған.

Оңтүстік Кореяда ауыр жұмысқа шыдамаған 7 қазақстандық азамат көз жұмды

Фото: egemen.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, мигранттар шетелде қара жұмыс істеді. 

«Олар кешке үйге келеді, шаршап ұйықтағаннан таңертең оянбайды. 30-дан 40 жасқа дейін жас ағза үшін мұндай жұмыс ауыр соғады. Сондықтан соңында көз жұмады», — деді министрлікте өткен брифингте сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Оның айтуынша, Оңтүстік Кореядан бір мәйітті Қазақстанға тасымалдау 6-7 мың доллар тұрады, барлық шығындарды туыстары көтереді.

Сонымен қатар, бөлімнің өкілі жыл басынан бері «жасыл дәліз» жобасы бойынша Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген мыңнан астам қазақстандық өз еркімен үйіне қайтып оралған.

 

stan.kz