Омбыдағы Эрмитаж филиалының орталығына қазақ суретшілерінің туындылары қойылды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Ресейде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Таңертеңнен бастап «Эрмитаж-Сібір» орталығындағы бақылаушылар Омбы тұрғындары мен қала қонақтарын күлімсіреп қарсы алды

OMБЫ, 8 қараша – Sputnik. Эрмитаждың бірінші Сібір филиалы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин кеткеннен кейін келушілерге есігін айқара ашты.

«Эрмитаж-Сібір» Музейная көшесінде орналасқан. Үш қабатты ғимаратта үш көрме бар: суретші Геймран Баймұхановтың таңдаулы туындылары, Омбы суретшілерінің жұмыстары және Таяу Шығыстың қару-жарақ дәстүрлері.


©
Sputnik / Айгюзель Кадир

Щучедегі қыс. Г.Баймұханов

Музейде таңертең аудиогид немесе қарапайым гид болған жоқ. Эрмитаждың Омбыдағы күндеріне арналған арнайы бағдарлама бар болып шықты.


©
Sputnik / Айгюзель Кадир

«Омбы Эрмитажында» келушілер жәдігерлерді көріп жатыр

Президенттерге шығыс қару-жарақтарының композициясы туралы Мемлекеттік Эрмитаждың директоры Михаил Пиотровский айтып берді. Ол Үндістаннан, Кавказдан, Орта Азиядан әкелінген қылыштарды көрсетті.


©
Sputnik / Айгюзель Кадир

Эрмитаж-Сібір

«Керемет көрме. Мен немеремді демалыс кезінде осында әкелуді ұйғардым. Өткен ғасырдағы көптеген жәдігер қойылыпты, бала қару-жарақты көрді. Жағымды әсер қалдырды, билеттің бағасы арзан, зейнеткерлер мен балаларға жеңілдік бар. Омбы тұрғындары үшін бұл өте жақсы сыйлық», – деді немересі Платонмен бірге келген Олег Липкан.


©
Sputnik / Айгюзель Кадир

Олег Липкан немересі Платонмен

Қала тұрғындары орталықтың ашылуын бес жыл күтті, дейді мұғалім Ольга Кавелина. Ол ұлы Александр екеуі мұражайдан үлкен әсер алды.

«Ғажайып экспозиция, шығыс қару-жарағы керемет, ежелгі дәуірден 19-ғасырға дейінгі қару-жарақ іріктеліп алынған. Тарихшы ретінде қатты қызығушылық таныттым», – деп жауап берді Александр Кавелин.

  • Жайлау. А.Шәкенов

    Жайлау. А.Шәкенов


    ©
    Sputnik / Айгюзель Кадир

  • Қазақстан картинасы

    Қазақстан картинасы


    ©
    Sputnik / Айгюзель Кадир

1 / 2


©
Sputnik / Айгюзель Кадир

Жайлау. А.Шәкенов

Омбы суретшілерінің залында Фельдманның «Қазақстан» картинасы, сондай-ақ Қазақстан суретшілер академиясының академигі Амангелді Шәкеновтің «Жайлау» туындысы лайықты орын алған.  



sputniknews.kz

Загрузка...