Өлтіріп, арыққа лақтырып тастаған: Алматыда жас қызды өлтіргендерге сот үкімі шықты – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Алматыда 22 жастағы қызды өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы Евгений Степанов 12 жылға бас бостандығынан айырылса, сыбайласаы Асхат Баржақсин 4 жылға сотталды. Сонымен қатар соталушылардың екеуі де қайтыс болған қыздың туыстарына моральдық шығын өтеуге міндеттелді.

Өлтіріп, арыққа лақтырып тастаған: Алматыда жас қызды өлтіргендерге сот үкімі шықты

Еске сала кетсек, Анастасия Галеева ақпан айында жоғалып кеткен еді. Полицейлер мен еріктілер оны бірнеше апта іздеді. Арада екі ай өткеннен кейін қыздың денесі арықтан табылды

Сот үкімі шықпас бұрын сотталушылардың бірі Галееваның әкесінен кешірім сұрады. 25 жастағы Асхат Баржақсин соңғы сөзінде Анастасияны өлтіру туралы ойлары болмағанын айтты. Ол жазасын алып, сондай-ақ, моральдық шығынды өтеуге дайын. Сонымен қатар Баржақсин соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. 

Сот жарыссөзінде 27 жастағы Евгений Степанов та болған жайт үшін кешірім сұрады. 

Сотталушылар өздеріне тағылған айыппен келіспегенімен, сот олардың пайдасына шешім шығармады.

«Степанов ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағына (Кісі өлтіру) сәйкес кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі жоғары мекемеде 12 жылға бас бостандығынан айырылсын. Асхат Баржақсин ҚР ҚК 432-бабына (Қылмысты жасыру) сәйкес кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айырылсын», – деді судья Мұхидин Тохтахунов.

Сонымен қатар сотталушылар Галееваның туыстарына 4 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеп беруі тиіс. 

«Бұл адамдар алған жаза мерзіміне қарамастан, өмірінің соңына дейін моральдық тұрғыда қиналатынына сенімдімін. Ол өте ауыр жүк», – дейді қайтыс болған қыздың әкесі Эдуард Галеев. 

Сотталушылар сот шешіміне разы болмады. Олар үкімге қатысты шағым түсіре ме, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

stan.kz

Загрузка...