облыс әкімі жауапкершілікті сезіне ме?

0

Жамбыл облысының әкімі бұл жағдайдан соң өңірдегі мектептерде қандай өзгеріс болатынын айтты. Оның айтуынша, жоспар әзірленген

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Журналистер Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтке Тараз мектебінде болған жағдайдан кейін жауапкершілікті сезінесіз бе деген сұрақ қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Иә, сезінемін. Облыс әкімі өңірде туындайтын барлық мәселе үшін жауап беруі тиіс», – деді Асқар Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, ол өңірдегі барлық мектептің ішіне дәретхана салынатынын жеткізді. Оның айтуынша, өңірде 442 мектеп бар. 260 мектептің дәретханасы далаға салынған.

Мырзахметов болған жағдайдан соң әр мектепке құбыр мен су өткізу мәселесі талқыланғанын айтты. 108-нде дәретхананы ішіне салуға болатыны анықталды. Өзге мектептерге шағын ғимарат қосу керек.

Тағы оқыңыз: Таразда мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған еркек видеоға түсіп қалды

«Есеп пен жоспарымыз дайын. Келесі жылдан бастап су мен коммуникация бар мектептерде бұл мәселе шешіле бастайды «, – деді Жамбыл облысының әкімі.

Алдын ала есепке сәйкес, дәретхана мәселесін шешуге 640 миллион теңге қажет. Ал ауылдарда бұдан көп қаражат жұмсалады.

Дәретханадағы зорлау

18 қараша күні 7-сынып оқушысын Тараз мектебінің аумағында зорлады. Мектеп дәретханасы дұрыс жұмыс істемеген және бөтен адамға ешкім назар аудармаған. Ата-аналар бұл үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті.

Облыстық білім басқармасының жетекшісі, мектеп директоры мен сабақ кезінде дәретханаға жіберген мұғалім, кезекші мұғалім, вахтер мен оқу ісінің меңгерушісі қызметінен кетті. 

Кейін ұсталған адамның бұрын ұрлық үшін істі болған 38 жастағы тұрғын екені анықталды.



sputniknews.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз