Нығматулин еңбек министрінің сөзін бөліп жіберді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Мәжіліс төрағасы жұмыспен қамту бағдарламасының кейбір шарттарын кейбіреулер бизнеске айналдырып алғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығаматулин жұмыссыздардың арасында алаяқтардың көбейгеніне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Спикер жұмыспен қамту бағдарламасының тиімсіз екенін жеткізді. Оның пікірінше, жұрт оны әлеуметтік көмектің бір түрі ретінде қабылдайды. Содан жұмыссыздардың саны азаймай отыр.

Тағы оқыңыз: «Аллаху әкбар, ақша жоқ!». Нығматулин бәрі керемет деген министрді сөзден ұстады 

«Мысалы, 2011 жылдан жұмыспен қамту шараларына 800 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Осы жолы бюджеттен тағы 186 миллиард қарастырылып отыр. Ал халықты жұмыспен қамту көрсеткіші мәз емес. Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2011 жылдан бері жұмыссыздардың саны 489 мың адамнан 443 мыңға дейін азайды. Демек, небары 36 мың адам жұмысқа тұрды», – дейді Нығматулин.

Мәжіліс төрағасының ойынша, 8 жылдың ішінде жұмыссыздар мәселесін толығымен жабуға болатын еді. Алайда қазіргі бағдарламаның шикі тұстары бар.

«Қазір үкімет атаулы әлеуметтік көмекті заңды беру мәселесін шешіп жатыр, нақты шектеулер қойылды. Осы салаға да ондай шаралар керек сияқты. Себебі жұмыспен қамту бағдарламасының кейбір шарттарын бизнеске айналдыру фактілері бар. Жұмыссыз біреу келеді де, мемлекеттің есебінен оқытудан қайта-қайта өте береді. Сөйтіп, ол үшін ақша алып отырады. Біржан Бидайбекұлы, сіз оны білесіз бе?», – деді Нығматулин.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов аталған мәселенің бар екенін растады. Талдау жүргізіп, бақылауға алғанын айтқанда Ныматулин оның сөзін бөліп:

«Бақылаудың қажеті қанша? «АСП» сияқты бірден тәртіп орнату қажет. Себебі бұл – мемлекеттің ақшасы. Негізі, ол бағдарлама қажет. Бірақ оның аясында оқыту және қайта оқытумен шектелмеу керек. Ақша бөлініп жатыр. Демек, жұмыс орындары құрылуы қажет», – деді.



sputniknews.kz

Загрузка...