Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевты жаңа қызметімен құттықтады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бердібек Сапарбаев кеше ғана үкімет басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевты премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Назарбаев әкімдерді халыққа жақын болуға шақырды. Осы орайда ол өңір басшыларына әр жылдары төрт облысты басқарған Бердібек Сапарбаевты үлгі етті.

«Бердібек Мәшбекұлы, барлығының атынан сені вице-премьер қызметіне тағайындалуыңмен құттықтаймын! Баяғыдан бері осы жер сенің орның еді. Төрт облыста әкім болдың. Мынаның бәрін көрдің ғой. Сол кезде халықтың арасында жүрдік қой. Елмен сөйлесіп жүрдік, халық айтқанымызды түсініп жүрді. Солай емес пе, солай», – деді Назарбаев.

Елбасы әкімдерге халықты мазалайтын мәселелерді жедел шешуді тапсырып, партияның қоғамдық қабылдауларының жұмысын жандандыру қажет екенін айтты.

«Премьер-министр, министрлер, барлық деңгейдегі әкімдер, мемлекеттік орган басшылары – барлығы халықпен бетпе-бет кездесіп, мұң-мұқтажына құлақ асуы керек», – деді ол.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Нұрлан Нығматулинді мақтады

Айта кетсек, Бердібек Сапарбаев осы жылдың ақпан айында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған еді. Сапарбаев ведомство тізгінін елде көпбалалы аналардың наразылығы күшейген тұста қолға алды.

20 тамызда Қазақстан президенті Сапарбаевты үкімет басшысының орынбасары қызметіне тағайындады.



sputniknews.kz

Загрузка...