Нұр-Сұлтанда жанкүйерлер арасында төбелес болды – видео

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

12 0 0

Қызылордалық «Қайсар» астанада өткен Қазақстан кубогының финалында жеңіске жетті. Футбол клубы 2:1 есебімен «Атыраудан» басым түсті

НҰР-СҰЛТАН,  6 қазан — Sputnik. «Қайсар» мен «Атырау» клубтарының жанкүйерлері футболдан Қазақстан кубогы-2019 финалында стадионда төбелесіп кетті.

Sports.kz жариялаған видеода ойынның орта кезінде жанкүйерлер арасында төбелес басталып кеткенін көруге болады. Олар тіпті бір-біріне стақан лақтыра бастаған.

Айта кетсек, ақтық сынға «Қайсар» мен «Атырау» шыққан болатын. Алғашқы голды 67-ші минутта атыраулық шабуылшы Петар Гжельчак соқты. Ал ойынның 87-ші минутында Игорь Зенькович есепті теңестірді.

Тағы оқыңыз: Ақтаудағы жаппай төбелес: қылмыстық іс қозғалды – видео

Ойынның соңғы минуттарында Думан Нарзильдаев «Атыраудың» қақпасына екінші голды соқты.



sputniknews.kz

Загрузка...