Нұр-Сұлтанда бірінші ауысымда оқитындар үшін сабақ болмайды

0

Бүгін елордада қатты аязға байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, астанада таңертең минус 27 градус суық болды. Ал сабақтың болмайтыны туралы ақпаратты бас қаланың білім басқармасы таратты.

«20 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты (қатты аяз) қала мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», — делінген мәліметте.

Ал екінші ауысымда оқитындар үшін сабақ болатыны не болмайтыны жөнінде сағат 12.00-де белгілі болады.

Кеше де Нұр-Сұлтанда кейбір сынып оқушылары мектепке барған жоқ.

Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде жабысқақ қар, көктайғақ пен ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты дабылды ескерту жарияланған еді.

Сабақтың болмайтыны жайлы қайдан білеміз

Ескертуді білім саласындағы мемлекеттік органдар жасайды. Бірінші ауысым сағат 6:15-тен, ал екінші және үшінші ауысым сағат 12:00-ден бастап хабарланады.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер Қазақстанда 33°С аяз болатынын ескертті



sputniknews.kz