“Нұр-Сұлтан, Қазақстан!” Шымкент әкімі елорданың жаңа атауын қолдап, халыққа ұран тастады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қалада 20 мыңнан астам көрермен “Нұр-Сұлтан, Қазақстан!” деп дауыстап, қолдау білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Шымкенттіктер еліміздің бас қаласын Нұр-Сұлтан деп атауды қолдады, деп хабарлайды жергілікті Отырар басылымы.

Шымкентте өткен халықаралық Ashyk aspan фестивалінде тұрғындарды мерекемен құттықтаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен көпке танымал рэп орындаушы Nazimа елорданы Нұр-Сұлтан деп атауды қолдайтындарын мәлімдеген.

Олардың үндеуін іліп алып кеткен 20 мыңнан астам көрермен “Нұр-Сұлтан, Қазақстан!” деп ұрандата жөнелді.

Фестиваль танымал әнші Nazima-ның концертімен аяқталды. Ұйымдастырушылар Шымкенттің аспанын жап-жарық еткен мерекелік отшашу сыйлады.



sputniknews.kz

Загрузка...