Нұр-Сұлтан полициясы 13 жасар тележүргізушінің өлімін зерттейді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Нұр-Сұлтан қаласында жол апатынан жараланып, ауруханада көз жұмған «Балапан» телеарнасының 13 жасар жүргізушісі Құтжан Бағланның өлімін полиция зерттейді. Бұл ақпаратты 18 мамырда Нұр-Сұлтан қалалық полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

«2019 жылдың 10 мамырында 17.30 шамасында Қосшы бағытындағы трассада Garden village ауылына жақын коттедж маңында болған жол апатына байланысты 345-бап («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол ережесі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы”) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды» деп агенттік қалалық полиция өкілдерінің сөзін келтіреді.

«Балапан» телеарнасы өкілдері бұған дейін Facebook-та Құтжан Бағланның 10 мамырда қаладағы Лесная поляна шағын ауданында жасөспірімдер арасында өткен веложарыста жүк көлігіне соғылып апатқа ұшырағанын, аурухананың жансақтау бөлімінде бес күн жатып, 16 мамырда жан тапсырғанын өкінішпен хабарлаған.

Azattyq

Загрузка...