Нұр-Сұлтан, Алматы, Шығыс Қазақстан облысы

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Sputnik Қазақстан 24 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 25 және 26 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

14.00 – Ислам қаржы қызметі жөніндегі кеңестің (IFSB) бас хатшысы Белло Данбаттаның қатысуымен брифинг өтеді.  Жиынға БАӘ, Оман, Бруней сынды 20 елдің өкілі қатысады. Брифингте ислам қаржы қызметі индустриясының тұрақтылығы туралы есеп таныстырылады (Өтетін орны: Мәңгілік ел даңғылы, 55/23, С 4.4 павильоны. Аккредитациядан [email protected] электрондық поштасы арқылы өтуге болады).

15.00 – «Мектепке жол» тақырыбына арналған брифинг. Жиынға астананың білім басқармасының жетекшісі Әнуар Жанғозин қатысады (Әкімдіктің баспасөз орталығы, Бейбітшілік көшесі, 11, 103-ші кабинет. Аккредитациядан +7 (7171) 55 68 53 телефон нөмірі немесе [email protected] электрондық поштасы арқылы өтуге болады).

16.00 – Қоғам денсаулығы жөніндегі ұлттық орталық пен Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ аграрлық-техникалық университеті арасында меморандумға қол қойылады. Нан-тоқаш өнімдерінің рецептісін өзгерту мәселесі қарастырылады. Олардың құрамындағы тұзды біртіндеп азайту мақсат етіліп отыр (Жеңіс даңғылы, 6. Аккредитациядан +7 (7172) 95 41 51, +7 (701) 702 03 46, +7 (778) 137 63 57 телефон нөмірі немесе[email protected] электрондық поштасы арқылы өтуге болады).

АЛМАТЫ

10.00 –  ТМД елдерінің жоғары әскери-оқыту ұйымдары курсанттарының арасындағы тұңғыш әскери-спорттық ойындар басталады.  Шара Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналады. Жарысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның 200 спортшысы қатысады. Ойын барысында әскери қоян-қолтық ұрыс, шағын футбол, спорттық бағдарлау, әскериленген кросс, пневматикалық винтовкадан ату және арқан тарту сайыстары болады (ҚР Қорғаныс министрлігі әскерінің спорт клубының оқу-жаттығу орталығы).

10:00 – «2019 жылы салық кодексіндегі өзгерістер» тақырыбында салық форумы өтеді. Шарада  Қазақстан кәсіпкерлері үшін енгізілген салық жеңілдіктері туралы білуге болады (Достық даңғылы, 52/2 , «Қазақстан» қонақүйі, аккредитация үшін +7 (707) 724 22 95 телефонына хабарласуға болады).

20:30 –  Ашық аспан астында Майкл Кёртицтің «Касабланка» фильмі көрсетіледі. Шараны Q-Lab жобасы ұйымдастырады. Кіру тегін. Шара Алматы қаласы «Алматыбасжоспар»(Алматыгенплан) ғимаратының алдында өтеді (Абай даңғылы, Жароков пен Гагарин көшелерінің қиылысы). Толық ақпарат үшін: +7 777 255 51 51, +7 777 684 72 33, +7 775 534 24 60 .

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

09.00 – Глубоковский ауданындағы Ушаново ауылының тұрғындары Өскемен қаласының медициналық мекемелерінің дәрігерлерімен кездеседі. Жиын «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасы аясында өткізіледі. Мақсат – дерттердің алдын алу және халықты денсаулыққа бей-жай қарамауға шақыру (Байланыс телефоны: +7 (7232) 25 48 57).

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

09.30 – 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы теннистен Қазақстан Кубогының ашық командалық турнирі өтеді. Оған Қазақстанның 12 өңірінен 18 команда қатысады (Ұлттық теннис орталығы, Шымкент қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 20Д, Байланыс телефоны:: +7 702 842 77 47).

25 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – «Русалочка» спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

26 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – Саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған көрме өтеді. Шараны Art Collider және Astana Art Show мектептері ұйымдастырады (Василий Кубриннің үйі, Кенесары көшесі, 41).

19.00 – «Музыкальные каникулы» концерті өтеді. Оған шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарында (П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Венадағы өнер университеті, Гамбургтегі музыка және театрдың жоғары мектебі, Альфред Шнитке атындағы Мәскеу мемлекеттік музыка институты) оқитын студенттер қатысады («Астана Опера» театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

20.00 – «Астана 2019» авторлық ән фестивалінің ашылуы. Мерекеде жыл сайын Қазақстан, Ресей, Германия сынды елдердің орындаушылары, авторлары мен ансамбльдері бас қосады («Причал» демалыс аймағы, Қарағанды тасжолымен қаладан 17 шақырым жерде).

АЛМАТЫ

19.00 – 3D Music Fest музыкалық фестивалі өтеді («Forum Almaty» СОО, Сейфуллин даңғылы, 617).

20.00 – «Мечта» спектаклі. Қоюшы-режиссері: Азамат Әбділдинов; суретші: Элена Будникова; рөлдерде: Ксения Кутелева, Виолетта Колибердинова. («Бункер», Досмұхамедов көшесі, 78. Байланыс телефоны: +7 (778) 46 56 678).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...