«Нұр Отан» Тоқаевтың кандидатурасын бекітті

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Отан» партиясының атынан кезектен тыс президент сайлауына қатысады. Билік партиясы бүгін, 23 наурызда өткен съезд кезінде Назарбаев ұсынған Тоқаев кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кеткен соң Қазақстан президенті қызметіне кіріскен.

Партия съезінде Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып жатып Назарбаев Тоқаевқа «толықтай сенетінін» айтып, қазақстандықтарды Тоқаевты қолдауға шақырды. «Бұл дұрыс шешім болады» деді Назарбаев.

Экс-президент Назарбаев «Мен Тоқаевқа толық сенемін. Менің барлық бастамаларымды қолдап, сенімді серік болды» деді.

Назарбаевтың сөзінше, оған сайлауға түсу ұсынысы айтылған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде республикалық арналар эфирінен жасаған мәлімдемесінде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін жариялаған.

Қазақстанда кезектен тыс өтетін президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталған. Үміткерлерді ұсыну 28 сәуірде, тіркеу 11 мамырда аяқталады.

Azattyq