Nur әлде Kz? Министрлік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Интернетте NUR символдары жазылған көлік нөмірлерін сатып алуға болатыны туралы ақпарат тарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті желіде автокөлік нөмірлеріне қатысты тараған ақпараттың жалған екенін хабарлады.

Желіде автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне қатысты тарап жатқан ақпарат қазақстандықтарды шулатты. Онда қосымша ақша төлеп, KZ-тің орнына NUR символдары жазылған мемлекеттік нөмір белгісін сатып алуға болатыны жайлы жазылған.

«Бұл үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтініш беріп, 5700% АЕК (143 925 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу керек. Еске саламыз, бұл нөмірлердің әдеміліктен басқа артықшылығы жоқ», — делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?

«Интернетте тараған ақпарат шындыққа жанаспайды», — делінген комитеттің фейсбуктегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін желіде қазақстандықтардың тегіне міндетті түрде «Нұр» сөзі қосылып жазылады деген ақпарат тараған болатын. Кейінірек ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мұның жалған екенін хабарлады.



sputniknews.kz