«Неткен байлық»: Қайрат Нұртастың үйін көрген жұрт таңғалды (видео)

0

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың байлыққа толы үйін көрсетті. Үлде мен бүлдеге оранған бөлмелерді көрген желідегілер өз таңданыстарын жасыра алмаған деп жазады NUR.KZ.

Қайрат Нұртас. Фото: Видеодан кадр, әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Қайрат Нұртас. Фото: Видеодан кадр, әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Хитменнің анасы өзінің Instagram парақшасында үлкен ұлының үйіне қонаққа келгенін айтып, жазба қалдырған.

«Ұшақтан түсе сала, Ақмөрімді бір иіскеп, ары қарай үлкен немерелеріме келген бетім ғой. Екі келінді жағалап шай ішудің өзі бір бақыт. Бұл үйдің әр бөлмесі бір әлем. Бақыт та, байлық та жанұяң емес пе? Балаларымыз аман болсын», — деп жазды әншінің анасы.

Айта кетейік, видеодағы әншінің үйі мен дизайнын, қымбат жиһаздарын көрген желі қолданушылары таңғалғандарын жарыса жазды.

«Неткен байлық», «Үйіңіз үлде мен бүлдеге оранған ғой», «Мына жағдайда өскен балалар қандай бақытты», «Сіздерге қызықпайтын адам жоқ шығар», «Керемет. Бізге де жұғысты болсын».

«Тіл-көзден сақтасын», «Үйлеріңіз әдемі екен», «Біз тек өлместің күнін кешіп жүр екенбіз ғой. Өмірдің рахаты сіздерде екен ғой» деп пікір білдірген продюсердің оқырмандары.