Назарбаевтың жиені Ақтауда түсірілген видео жариялады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Нұрәлі Әлиев Ақтауға делегация құрамында жұмыс сапарымен барған. Видеоны әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша — Sputnik. Нұрәлі Әлиев Ақтауға жұмыс сапарымен барды. Ол Каспий жағалауында түсірілген видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Нұрәлі Әлиев Ақтауға астаналық делегация құрамында жұмыс сапарымен барған.

Жұмыс тобының құрамында премьер-министр Асқар Мамин де бар. Сапар барысында метанол өндіретін WestGasOil зауытына капсула орнату, Aktau resort hotel қонақүй-туристік кешенінің құрылысымен танысу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан-Әзірбайжан бағыты бойынша талшықты-оптикалық байланыс құрылысын бастау салтанаты өтеді, деп хабарлайды Lada.kz.

Тағы оқыңыз: Айсұлтан Назарбаев тегін өзгертті

Нұрәлі Әлиев — қазақстандық бизнесмен, экономист, Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені.



sputniknews.kz