Назарбаевтың ұсынысына Кремль не деп жауап берді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

«Astana club»-тың бүгінгі отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Путин мен Зеленскийдің «тет-а-тет» кездесуін Қазақстанда өткізуге мүдделі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина президенті өз келісімін берген

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Кремль Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеу мен Киевтің қарым-қатынасын реттеуге деген ұмтылысын жоғары бағалайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлады РИА Новости ақпараттық агенттігі.

Песковтың сөзіне қарағанда, Ресей басшысы украиналық әріптесімен кездесуден ешқашан бас тартқан емес. Ал Путиннің өзі кездесудің пайдасы аз деп санайды. Сондықтан ондай кездесулерге тиісті деңгейде дайындалу қажет. Ал дәл қазір барлығы «норманд форматындағы» кездесулерге басымдық беріп отыр.

«Бүгінде барлығымыз «норманд форматындағы» процестерге басымдық беріп отырмыз. Әрине, ол үшін тараптар Минск қаласында келісілген міндеттерді орындауы қажет», – дейді Песков.

Осы орайда журналистер Назарбаев пен Путиннің әңгімесі қай жақтың бастамасымен болғанын сұрады. Путин өзіне Зеленскиймен кездесуге ұсыныс жасалатынын алдын ала білді ме?» деген сауал қойылды. Песковтың айтуынша, әңгіме екі жақтың өзара келісімі бойынша болды. Дәл сол кезде Зеленскиймен кездесуге қатысты ұсыныс жасалған болатын.

Тағы оқыңыз: Назарбаев сөйлеп жатқанда қызық жағдай болды – видео

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысымен не жайында сөйлескенін айтты.

«Осы жолы мен Зеленский мырзамен кездестім. Күні кеше ғана Владимир Путинмен сөйлестім. Осы проблеманы шешу жолдарын талқыладық. Иә, бүгінде екі елдің арасы ашылып кетті. Меніңше, Ресей мен Украина президенттерінің жеке кездесуін ұйымдастыру қажет. Мен сондай «тет-а-тет» кездесуін өткізуді талқыладым. Зеленский өз келісімін берді. Оны Путинге айттым. Енді, көреміз, бейтарап аймақ керек болса, ол кездесуді Қазақстанда өткізуге болады», – деп атап көрсетті Назарбаев.

Оның ойынша, Владимир Зеленскийдің қатысуымен Украина мәселесін шешуге болады. Себебі осы елдің жаңа президентін халықтың басым бөлігі қолдап отыр. Раданың құрамында да қолдаушылары көп. Сондықтан Ресей мен Украина арасындағы жаңа келісімдерді сәтті іске асыруға болады. Ал Минск кездесуі кезінде маңызды заңдар қабылданса да, толыққанды іске аспай отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...