Назарбаева Ресейде қазақстандықтардың мүддесін қорғады: мәселе қалай шешіліп жатыр?

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

https://sputniknews.kz/images/983/72/9837294.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/society/20191213/12287694/Nazarbaeva-Resey-Qazaqstan.html

Бұған дейін сенат спикері Дариға Назарбаева Қазақстан мен Ресей азаматтарының ел аумағында болу шарттары бірдей емес екенін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандықтардың Ресейде болу мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новостиге берген сұхбатында Ресейдің сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры Александр Стерник айтты.

Сенат спикері Дариға Назарбаева Ресейге сапары барысында екі ел азаматтарының өзара сапарлары мәселесінде бірдейліктің (паритет) жоқтығын айтқан болатын. Яғни Қазақстан азаматтары виза режимінде Ресей Федерациясында 90 күн тұрғаннан кейін елден кетіп, қайта келу үшін 90 күн күтуі керек. Ал Ресей азаматтары Қазақстан аумағында 90 күн болғаннан кейін елден кетіп, сол күні қайта оралып, тағы 90 күн сонда тұра алады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Ресей шекарасында кезек болмайды: жол картасы қабылданбақ

«Қазіргі уақытта Ресейде оқитын немесе заңды түрде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары 90 күннен артық бола алады. Қазақстан тарапы елімізге жеке жұмысымен келетін адамдардың мәселесін шешуге көмек сұраған болатын», – деді Александр Стерник.

 



sputniknews.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз