Назарбаев жастарға қандай ақыл айтты?

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Елбасы жастардың бойына нақты дүниелерді сіңіру керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық жастарға айтқан ақыл-кеңесі тарады. Архивтік видеоны президенттің телерадиокешені жариялаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Жастардың бойына нақты дүниелерді сіңіру керек. Ең бастысы – адам болу, білім алып, жақсы мамандық меңгеру. Мұны сендерден ешкім тартып ала алмайды. Ақшаны, үйді немесе тағы басқа нәрсені тартып алуы мүмкін. Бірақ бастағы білім мен адамгершілігіңді ешкім тартып ала алмайды. Мен осыған шақырамын, сонда ғана сен өмірде жарып шығасың», – деді Назарбаев.

Тағы оқыңыз: «Жастарға айтар бір сөзім бар» Назарбаевтың өскелең ұрпаққа берген ақыл-өсиеті – видео

Бұл сөздерді Елбасы 2016 жылы 1 желтоқсанда елордада өткен республикалық жастар форумында айтқан.



sputniknews.kz

Загрузка...