Назарбаев: ҮЕҰ шоғырландыруда Азаматтық альянс жетекші рөл атқаруы тиіс

44
- Жарнаманы баса кетіңіз -
28 Қараша 2018, 13:35 185 0

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада өтіп жатқан VIII Азаматтық форумға ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ол барлық ҮЕҰ басында Қазақстанның Азаматтық альянсы тұруы тиіс екенін айтты.

«Қазір біз үшін әлеуметтік саясаттың барлық түйінді бағыттарына үкіметтік емес секторды барынша тарту маңызды болып отыр», – деді Нұрсұлтан Назарабаев.

Мемлекет басшысы осыған байланысты шаралар легін ұсынды.

«Біріншіден, ҮЕҰ жобаларын қаржыландырудың барлық рәсімдері ашық әрі түсінікті болы тиіс. Осы орайда Үкіметке цифрландыру аясында ҮЕҰ анықтаудың бірыңғай электронды реестрін құруды тапсырамын», – деді Елбасы.

Сондай-ақ ол ҮЕҰ дауысы естілуі үшін азаматтық бақылаудың тиімді механизмін қалыптастырудың маңызды екенін айтты.

«Олар бір жерге шоғырлануы тиіс. Бұл жерде Қазақстанның Азаматтық альянсы жетекші рөлді атқаруы қажет», – деді Назарбаев.

Бұдан бөлек Елбасы үкіметтік емес секторға мемлекет функцияларын беру жұмыстарын жалғастыруды, сонымен бірге осы секторда жастар саясатын жүзеге асыруды күшейтуді тапсырды. Бұл 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған сәтте өте маңызды болып отыр.

«Үкіметке сіздермен бірге 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын», – деді Елбасы.



















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...