Назарбаев түрмеде отырғандарды азайту жұмысы жалғасатынын айтты

- Жарнаманы баса кетіңіз -
28 Қараша 2018, 13:19 201 0

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабаев түрмеде отырғандардың санын азайту процесі жалғасатынын айтты. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан VIII Азаматтық форумда мәлімдеді.

«Сәуле Мектепбаева (Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің хатшысы – авт.) түрмеде отырғандардың азаюы мәселесін көтерді. Бұл тақырып маған да қатты тиеді. Мемлекет әрбір айыпқа байланысты түрмеге қамамау үшін заңды өзгертті. Түрмеден адам жақсы болып шықпайтынын бәріміз білеміз. Біз онда тәрбиелемейміз, адамды басқа жаққа қарай итереміз. Сол себепті кішкентай айып үшін ақшамен жазалау қажет. Осылайша заңнаманы өзгерту түрмеде отырғандардың азаюына әкелді. Бұл жұмысты жалғастыру қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы түрмеде ұстау мәселесін көтерді. Оның сөзінше, мұны дұрыс үлестіру қажет.

«Қазір қаншама түрме босады. Оларды қайта құру мүмкіндігі бар. Түрмеде ұстауды жақсартуға болады. Бөлек ұстау бойынша: егер экстремистер мен террористердің арасына жас балаларды отырғызсақ, бұл дұрыс емес. Сол себепті бұл жұмысты жалғастыру қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...