Назарбаев МАГАТЭ басшысының отбасына көңіл айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Елбасы Юкии Амано халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға орасан зор еңбек сіңіргенін атап өтті   

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Назарбаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

«Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы тығыз ынтымақтастық Юкия Аманоның жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болды. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Амано мырзаның отбасына, агенттік ұжымына және Жапон үкіметіне көңіл айтамын», — делінген жеделхатта.

Назарбаев Юкия Аманоны беделді және халықаралық қауіпсіздіктің нығаюына орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтынын атап өтті.


©
Sputnik /

МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Амано

22 шілдеде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің хатшылығы МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Амано 73 жасқа қараған шағында  дүниеден озғанын хабарлады.



sputniknews.kz