Назарбаев халықты бейбіт өмірді бағалауға шақырды

0

1 мамырда Нұр-Сұлтанда Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бірлік күніне арналған шараға келіп, халықты мерекемен құттықтады. Ол Қазақстан барлық жетістікке қоғамдағы бірліктің арқасында қол жеткізгенін айтып, халықты бейбіт өмір мен тұрақтылықты бағалауға және сақтауға шақырды.

Назарбаев халықты құттықтап жатқанда Нұр-Сұлтан қаласының екінші бөлігінде жүздеген адам жиналып, билікке қарсы наразылық шарасын өткізіп жатты.

Наразылар «Біздің өз таңдауымыз бар!», «Тоқаев біздің президент емес!», «Дариға спикер емес!», «Нұр-Сұлтан астанамыз емес!», «АЭС-ке қарсымыз!», «Халық пікірімен санасыңыздар», «Көп балалы аналарға жәрдем берілсін!», «Шындықтан қашып құтылмайсың!», «Шал, кет!» деп айқайлады.​

1 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барып, Республика сарайы алаңындағы мерекелік шараға қатысты. Бұл шараға полиция адамдарды тексеріп кіргізді. 1 мамырда Алматыда да жүздеген адам наразылыққа шығып, биліктен әділ сайлау өткізуді талап етті. Олардың біразын полиция ұстап әкетті.

Azattyq