Назарбаев бірқатар заңды Мәжілістің қарауына енгізді

- Жарнаманы баса кетіңіз -
28 Қараша 2018, 11:21 202 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сонымен, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобаларын енгізді.

Заң жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыруға, сот жүйесін жаңғыртуға, сот кадрларын жаңартуға және Жоғары Сот Кеңесін институционалдық тұрғыдан нығайтуға бағытталған түзетулерді қамтиды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...