Мұздай судың ішінде 40 минут тұрған Қайырбек Аяшев жаңа рекорд орнатты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Нұр-Сұлтан тұрғыны Қайырбек Аяшев мұздай судың ішінде қырық минут тұрды, бір жыл бұрын ол ойықтың ішінде 35 минут 15 секунд болған еді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Елорда тұрығы Қайырбек Аяшев мұздай судың ішінде тұрудан Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Ол Есіл өзеніндегі ойықтың ішінде 40 минут болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанның алғашқы рекордын Аяшев өткен жылдың 19 қаңтарында орнатқан еді, ол мұздай судың ішінде 35 минут 15 секунд болды.

Қайырбек Аяшев деген кім?

Нұр-Сұлтан қаласының қырық жастағы тұрғынын елордалықтар жақсы таниды. Ол 12 жылдан бері қысы-жазы ауа райына қарамастан қысқа жеңді киім мен жеңіл шалбармен жүреді.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Қайырбек Аяшев қыста далада қысқа жеңді жейдемен жүреді

Аяшев жыл бойына ағзасын шынықтырып, спортпен айналысады. Айтуынша, бар дайындығы осы ғана.

«Мені морж деп айтқан дұрыс емес, өйткені мен ойыққа түсумен айналыспаймын. Тек жылына бір рет қана, крещение кезінде ғана суға түсемін. Осы ретте діндар адамдардан, егер кедергі келтіріп жатсам, кешірім сұрағым келеді», – дейді Қайырбек Аяшев.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Құтқарушылар Қайырбек Аяшевтің халін бақылап тұр

Айта кетсек, әлемдік рекордты 2012 жылы  24 наурызда ресейлік Дмитрий Балабанов орнатқан еді, оның уақыты – 2 сағат. Әйелдер арасындағы рекорд Осман Делибашқа тиесілі, ол мұздай судың ішінде 60 минут тұрды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз