мұздай қаруланған жігіттің видеосы қазақстандықтарды шошытты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Елорда полициясы әлеуметтік желіде тараған видеоны тексеріп жатыр, тексеріс нәтижесі қосымша хабарланады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Желіде мұздай қаруланған астаналық жігіттің видеосы тарады.

Ролик инстаграмдағы astana_sergek парақшасында жарияланды.

Видеода қолына екі бірдей қару ұстаған жас жігіт «Астана біздікі, Аллаһу әкбар» деп күліп отыр. Көлікте қару-жарақтың бірнеше түрі жатқанын байқауға болады. Оның ішінде автомат та бар.

Бұдан бөлек, рөлде отырған ер адамның былапыт сөздері де естіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қазір тексеріс жүргізіп жатыр.

Тағы оқыңыз: «Сені ертең жейміз» Қытайлық медбикенің науқасқа жазған хаты жұртты шошытты

«Тексеріс нәтижелері туралы кейін қосымша хабарлаймыз», — деді полициядан.



sputniknews.kz