Мерекеде салмақ жинап алмас үшін: 6 қарапайым кеңес

0

Мерекеде салмақ жинап алмас үшін: 6 қарапайым кеңес


Диетологтар бізді қуантып отыр: егер дәл осы қарапайым ережелерді ұстансаңыз, сүйікті тағамдарыңыздан бас тартпасаңыз да болады екен.

Мерекеде салмақ жинап алмас үшін: 6 қарапайым кеңес
«Тістегі бес минутттық ас жыл бойы белде жүреді» деген мәтелді жаңа жылдық кештерге, демалыстарға арнап айтылған мәтел ме дерсіз. Бәрі де дәмді, қалай ғана бас тарта қоярсыз?  Диетологтардың пікірінше, бас тарту міндетті емес! Гастрономиялық сезімді сезіне алу үшін қарапайым ғана ережелерді ұстансаңыз болғаны.
 
Үстелге кішкентай тәрелкелер қойыңыз
Ашкөздікті тыюдың бірден бір жолы — әдеттегіден аз қылып тамақ жеу. Сырт көзге тәрелке толып тұрғандай көрінгенімен, анығында сіз аз мөлшерде тамақ жейсіз. Бұл әдісті мерекеден өзге күндері де пайдаланған дұрыс.
 
Мерекелік дастарқанға аш отырмаңыз
Жаңа жылдық кеште қонақ болып отырған адам үшін бұл тақырып өзекті екені рас. Күні бойы нәр татпай, кешкі дастарқанды күту әбестік: күнделікті үйреншікті тамақтанып, негізінде қонақта артық тамақ жеп қоймауға тырысқан жөн. Және де аш қарында зиянды, майлы  тағамдар бірінші көзге ұрынатыны белгілі.
 
Үнемі үстел басында отырмаңыз
Мерекелік кештер ұзақ отырыспен жалғасады, ал осы уақыт ішінде үстел басынан табылсаңыз -толмақ түгілі, ағзаңызды істен шығаруыңыз да әбден мүмкін екенін ұмытпаңыз. Лас ыдысты жинау үшін болсын, орныңыздан тұрып, билеуге тырысыңыз, дастарқаннан алысырақ отырып әңгіме-дүкен құрыңыз. Қалай, немен айналыссаңыз да, үстел басында отырып қалмасаңыз болғаны.
 
Кофеин көлемін шектеңіз
Жаңа жылдық кештерде біз онсыз да ұйқының режімін бұзамыз, бұл біздің түр келбетімізге, денсаулығымызға үлкен зиянын тигізетіні белгілі. Ерте тұрып, ерте ұйықтамай-ақ, кофе мен шай көлемін шектеуге кеңес береміз. Тәтті сусын мен газдалған сусыннан, майонез қосылған тіскебасарлардан алшақ болған дұрыс.
 
Күйзелісті жеңіңіз
Мереке тек қана қуаныштан тұрмайды, күйзеліс те орын алып отырады. Дайындық, сый-сыяпат алу, жүгіріс бәрі де кәдімгідей бір адамға салмақ түсірері анық. Ал күйзеліс артық салмақтың бірден-бір белгісі: кортизол деп аталатын гормон артық салмақ жинауға себепші болумен қатар, метаболизмді баяулатады. Сол себепті мерекелік шараға дайындық кезінде де өзіңізге көңіл бөліп, тыныш серуенге, медитацияға, жылы сергіткіш ванна қабылдауға уақыт табыңыз.
 
Ұйқыңызды қандырыңыз
Демалысыңыз неғұрлым ұзақ болса да, күніне сегіз сағаттан артық ұйықтамауға тырысыңыз. Кешкісін ұйқыға сағат 11-де жатуды әдетке айналдырсаңыз тіптен жақсы болады. Ұйқыға денсаулық та, әдемі келбет те, пішін де байланысты.

Дереккөзі: ​goodhouse.ru

Дереккөз: http://reactor.inform.kz