Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы тағайындалды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінді

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Анар Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

«Анар Нұралықызы Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын», – деп жазылған президенттің жарлығында. 

Айта кетсек, мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып қайта құрылған еді. Агенттік мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болады.

Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрамында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып бөлініп шықты. Агенттік сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқықбұзушылықтарын анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болады.



sputniknews.kz

Загрузка...