Мектепте «жәбірленген» сегізінші сынып оқушысы асылып қалды

30
Мектепте «жәбірленген» сегізінші сынып оқушысы асылып қалды


Қашқадария облысындағы Бешкент қаласы №63 орта мектебінің оқушысы Мирафзал Абдурашидов 2 қарашада үйіндегі қорада асылып қалған.

Марқұмның әкесі Джахангир Абдурашидов баласы мектепте жәбір көрген соң осындай қадамға барған деп есептейді.

«Бір ай бұрын сынып жетекшісі оқушыларды оның бетіне түкіруге мәжбүрлеген. Бұған мектеп директорының орынбасары куә болған. Содан кейін ұлым мектепке барғысы келмей қалды. Асылып өлерден бұрын екі күн сабаққа бармады», – деді 6 қарашада Джахангир Абдурашидов.

Абдурашидовты кемсіту оқиғасына куә болғандармен сөйлесу мүмкін болмады. Мектеп директоры Дилором Турсунова марқұмның ата-анасының сөздерін жоққа шығарып отыр.

«Ол екі күн сабаққа келмеді. Мұғалімнен сұранып, үйіне кеткен. Сол күні сынып жетекшісі оның ата-анасына хабарласқан. Олар баланың ауырып жатқанын айтқан. Енді олар мұғалімдерді айыптап отыр. Бұл – өтірік», – деді мектеп директоры.

Абдурашидов өлімінен соң сынып жетекшісі мен директор орынбасары жұмыстан шығарылған. Аудан басшысының жастар ісі жөніндегі орынбасары сегізінші сынып оқушысы асылып өлді деген мәліметті жоққа шығарған.

«Естуімше, бала асылып өлмеген. Оның жүрегі ауыратын деп естідім», – жергілікті әкімшілік қызметкері.