Мейрамбек Бесбаев депутат Балиевадан қысым көріп жатқанын мәлімдеді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әнші өнер адамдары өздеріне тиесілі қаражатты алуы қажет екенін атап өтіп, депутаттан әншілердің шаруасына араласпауды талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев мәжіліс депутаты Зағипа Балиева жұмысына кедергі келтіріп, қысып көрсетіп жатқанын айтты. Бұл туралы ол Іnstagram желісіндегі парақшасында жазды.

Осыған дейін әншілер бірауыздан дауыс беріп, Мейрамбек Бесбаевты Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы етіп сайлаған болатын.

«Құрметті, Зағипа Яхияқызы! Мен 2020 жылдың 15 қаңтары күні Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайландым. Дауыс беруге ұйымның ең жоғарғы басқару органы – құрылтайшылардың жалпы жиыны жасақтаған басқарма мүшелерінің барлығы қатысты. Сайлау өткізуге қажетті кворум болды. Барлық регламент пен заңдылық толықтай сақталды. Хаттама толтырылып, мені бас директор қызметіне кірісуім туралы бұйрық та шығып қойды», – дейді «МузАрт» тобының мүшесі.

Әншінің пікірінше, мәжіліс депутаты Зағипа Балиева мен оның ұлы жұмысына кедергі келтіріп жатыр.

«Енді келіп, бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқаң-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетуде. Бұрынғы басшылықтың артында сіздің ұлыңыз және өзіңіз тұр екенсіз. Сіз заңды түрде сайланған маған, басқарма мүшелеріне қысым көрсетіп, әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына телефон шалып жатыр екенсіз. Мұныңыз мүлде дұрыс емес деп білеміз!», – деді Мейрамбек Бесбаев.

Ол депутаттың әрекетін түсінбейтінін, әншілер адал еңбегімен тапқан ақшасын алуы қажет екенін атап өткен. Сондай-ақ Бесбаев Зағипа Балиевадан мұндай әрекетті тоқтатуды талап етті.

Оқи отырыңыз: Әншілер бірауыздан дауыс беріп, Мейрамбек Бесбаевты төраға етіп сайлады

«Неге сіз әншілердің шаруасына араласып, алашапқын болып жатырсыз?! Біз соны түсінбей отырмыз. Бұл әрекет-қылығыңыз сіздей үлкен мемлекет қайраткеріне жараспайтын шаруа. Әншілерге тиесілі ақшаға тек сіздің балаңыз иелік ету керек деген ой сізге қайдан келген?! Біз өз шаруамызды өзіміз шешуіміз керек, өзімізге тиесілі қаражатты өзіміз тиісінше жұмсауымыз қажет. Еңбектен түскен қаражат бір қалтаға, нақтырақ айтқанда, сіздің балаңызға емес, мың қалтаға яғни маңдай терімен тауып жүрген әншілер мен ән өндеушілердің қалтасына түсу керек. Сізден осындай әрекеттеріңізді тоқтатуды талап етеміз!», – деп түйіндеді сөзін әнші.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз