Мәжіліс Баймолдинаның өкілеттігін тоқтатты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Баймолдинаға алғыс айтып, зор табыс тіледі. Ол мәжіліске өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берген

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Мәжіліс Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров баяндағандай, Баймолдина мәжіліске өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берген.

Мәжіліс Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

«Зәуреш Хамитқызы Баймолдина парламент мәжілісінің 2017 жылдың 20 желтоқсандағы қаулысымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған болатын. ОСК мүшесі міндеттерін атқарудан босату туралы өз еркімен өтініш берген жағдайда, міндетін атқарудан босатылады. Бұл «Сайлау туралы» конституциялық заңда қарастырылған. Айтылғанды ескере отырып, Баймолдинаның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі ретінде өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамыз», – деді Әбдіров.

Тағы оқыңыз: Депутат ипотеканың алғашқы жарнасын алып тастауды ұсынды

Депутаттар қаулы жобасын бірауыздан қолдап дауыс берді. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Баймолдинаға алғыс айтып, зор табыс тіледі.

«Зәуреш Хамитқызын баршаңыз жақсы білесіздер. Мықты маман, білікті заңгер. Көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды үлкен абыроймен атқарды. Алдағы уақытта да зор табыс тілейміз», – деді ол.

Осыдан кейін төменгі палата төрағасы Баймолдинаға депутаттық корпус атынан арнайы дайындалған алғыс хат табыстады.



sputniknews.kz

Загрузка...