Матвиенко Мәскеуде Назарбаеваны қалай қарсы алды – видео

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Бүгін Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның Ресей Федерациясына ресми сапары басталды. Сенат делегациясының сапары аясында Александров бағындағы Белгісіз солдат зиратына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Дариға Назарбаева сейсенбі күні Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенкомен кездесті. Сенат спикерін Мәскеуге Валентина Матвиенко шақырған болатын. Ол әріптесін қарсы алып, фотокөрмені көрсетті.

«Ал мынау сәлемдесу сіз үшін арнайы қазақша жасалды. Қате жоқ па?», – деді Валентина Матвиенко экранға көрсетіп.

Сондай-ақ, Федерация кеңесінің спикері Дариға Назарбаеваға Ресейдің барлық субъектісінің туларын көрсетті. Бұдан соң олар маңызды мәселелерді жабық түрде талқылады.

Тағы оқыңыз: «Еркектерден әйелдер көп…»: Назарбаева тың ұсыныс жасады

Дариға Назарбаева сәрсенбі күні Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведевпен, ал бейсенбі күні патриарх Кириллмен кездеседі деп жоспарланып отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...