Мәскеудің допингіге қарсы зертханасы лицензиясынан айрылды

0

Бүкіләлемдік допингіне қарсы агенттік (WADA) Мәскеудің допингіге қарсы зертханасының лицензиясын тоқтатты. Ұйым сайтындағы ақпаратқа сәйкес, дисциплинарлық талқылау аяқталғанға дейін бұл шешім күшінде болады. Оған дейін Мәскеудің допингімен күрес зертханасына «Спортшының биологиялық төлқұжаты» бағдарламасы бойынша қан үлгілерін талдаумен байланысты кез келген жұмыс істеуіне тыйым салынған.

Ресейдің антидопинг агенттігінің басшысы Юрий Ганус WADA шешімінің спортшыларға әсері жоқ, себебі ведомство Стокгольм, Кельн, Гент, Лозанна зертханаларымен жұмыс істеп жатыр. Олар Мәскеу зертханасының міндетін алмастырады.

9 желтоқсанда WADA-ның атқару комитеті Ресейді төрт жылға олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарынан шеттеткен. Мәскеудің допингімен күрес зертханасы деректер қорын бұрмалады деп айыпталғаннан кейін осындай шара қолданылған.

Оқи отырыңыз: WADA Ресейді төрт жылға олимпиада мен әлем чемпионатынан шектеді

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз