Мәскеу театры қазақша сөйлейді

0

Ресейдегі Қазақстан күндері аясында «Современник» театрында «Фариза» спектаклі сахналанды. Оны Роза Мұқанованың пьесасымен қойған жас қазақстандық режиссер Фархат Молдағали.

Ресей астанасының бас театрларының бірінде алғаш рет көрермен назарына қазақша қойылым ұсынылды.

Мәдени бағдарлама бір спектакльмен ғана шектелген жоқ. Мәскеуде тұратын қазақстандықтар актерлермен және Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.

«Біз Мәскеуге келгеніміз үшін продюсерімізге және Қазақстан елшілігіне алғыс айтамыз. Бұнда қазақстандықтар өте көп. Олар ана тілін сағынатын шығар», — дейді Фариза Оңғарсынова рөлін сомдаған актриса Лейло Бекназар-Ханинга.

Тағы оқыңыз: Атырау облысында екі мектепке Фариза Оңғарсынованың есімі берілуі мүмкін



sputniknews.kz