Мақпал Жүнісова: Шетелдетіп демалуға жағдайым жоқ – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Наурыздың басында 8 наурыз мерекесіне орай аналарға арнап концерт берген Мақпал Жүнісова басқалары секілді шетелдеп жүруге жағдайы жоқ екенін айтты, деп жазады Stan.kz «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Мақпал Жүнісова: Шетелдетіп демалуға жағдайым жоқ

Биыл 55 жасқа болған әнші елді аралап, халықпен қауышуды ойға алған. Ел еркесі Семей, Өскемен, Көкшетау, Талдықорған сияқты қалалар шақырып жатқанын айтып, үлгергенінше Қазақстан қалаларын алалап тойға бару ойында бар екенін жеткізді.

«Тойға да баруымыз керек. Өйткені ақша таусылды. Бүгінгі концерттің ақшасы барлығы гонорармен кетеді. Анаған-мынаған төлейсің. Жолына, тамағына төлейсің, шашуың бар деген сияқты. Туған-туысқандарға келіп жатсың, соларға да береміз. Анамызға да беруіміз керек. Бәрі сонымен жақсылыққа кетеді, әйтеуір. Сол жақсылыққа кете берсін.

Мен енді дымым жоқ деп жыламаймын. Құдайға шүкір, мен біреуден әлдеқайда алда өмір сүріп жатқан шығармын. Өйткені, мен нанның ар жағына да, бер жағына да май жағып жей аламын. Ал біреу сияқты шетелдетіп демала алмаймын. Менің ондай жағдайым жоқ. Ол шынымен де солай. Өйткені, мен шетелдетіп жүрсем туған-туысқандарым не болады, достарым не болады, шопырларға, охраниктерге кім ақша төлейді. Келген-кеткен ақшаны есептеп қарағанда осыған да Құдайға шүкір деп айту керек. Сондықтан да тәуба! Бірақ, әрине ақша көп болған жақсы»,- деді Жүнісова сөз соңында.

Айта кетсек, Халық әртісі күйеуім болмаған соң, терді сахнада шығарамын деп,  терлеп-тепшіп ән айтуының себебін әзілмен түсіндіріп, көрерменді күлкіге қарық қылдырған болатын. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz

Загрузка...