Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

0

Әлихан Сұлтанмұратұлы 1975 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Еңбек жолын 1998 жылы Қазақ ғылыми зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастаған.

2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің бас маманы, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде бас маман, кейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде мемлекеттік бюджетті атқару департаментінің бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерінде болды.

2004-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі.

2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының, кейін макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2010- 2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.

2012-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер — Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2017 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы