Маңғыстау кен орнындағы апат өртке ұласты: төтенше оқиғаның видеосы

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қаламқас кен орнындағы ұңғымалардың бірінде газ-суаралас қоспа атқылап, аумақ отқа оранған

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнында өрт шықты, деп хабарлайды, төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне бүгін таңертең сағат 07:10-де өрт туралы хабар түсіпті.

«Өрт 10 метр биіктік пен 900 шаршы метр аумаққа таралған. Зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Тілсіз жаумен күресуге «Семсер Өрт Сөндіруші» ЖШС мен «Қаражанбас» ЖШС өртке қарсы қызметі жұмылдырылды. Өрт сөндіруге барлығы 14 адам мен 4 техника қатысқан.

Айта кетсек, бұған дейін 13 наурызда Қаламқас кен орнында төтенше жағдай болып, газ-суаралас қоспа атқылаған болатын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдемесінде айтылғандай, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



sputniknews.kz