Мамин Қазақстан жолдарын сапалы жөндеуді тапсырды

0

2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автожол учаскелерін ашу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин 2020 жылы ірі автожол жобаларын іске асыруды аяқтауды тапсырды.

Автожол саласының 2020 жылға арналған бюджеті 750 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында автожол саласын дамыту жөнінде кеңесте белгілі болды.

Республикалық және жергілікті маңызы бар 9,8 мың шақырым автожол жөнделеді. Құрылыс жұмыстарымен 4 мың шақырым автожол қамтылады. 

Болашаққа жоспар

2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автожол учаскелерін ашу жоспарлануда.

Соның ішінде:

  • Талдықорған – Өскемен (763 километр);
  • Қарағанды – Балқаш – Қапшағай (645 километр);
  •  Қалбатау – Майқапшағай (415 километр);
  •  Меркі – Бурылбайтал (266 километр);
  • Ақтөбе – Атырау – Астрахань (279 километр).

«Биыл автомобиль жолдарын салу бойынша ауқымды жұмыс көлемін атқару қажет. Алға қойылған міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындау және жыл соңына дейін автомобиль жолдарын жаңғыртудың негізгі жобалары бойынша қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында құрылыс маусымына алдын ала дайындалу керек», — деп үкіметтің баспасөз қызметі Маминнің сөзінен үзінді келтірді.

Қазақстан жолдарының жай-күйі қандай

2019 жылы республикалық маңызы бар 4,4 мың шақырым автожол салынды және реконструкцияланды.

Жыл қорытындысы бойынша 641 шақырым жолда қозғалыс ашылды. 1,1 мың шақырым республикалық маңызы бар және 3,5 мың шақырым жергілікті желілердегі автожолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі 88%-ке, жергілікті маңызы бар жолдар 71%-ке жеткізілді.  

Үкімет басшысымен кездесуде  индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев,  сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының әкімдері болды. 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз