Мәдениет министрі Дариға Назарбаеваның қандай қасиетіне тамсанатынын айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ақтоты Райымқұлова өзі қадірлейтін, еңбегін бағалайтын әйелдерді атады, олардың арасында сенат төрағасы Дариға Назарбаева да бар

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның еңбегін жоғары бағалайтынын жасырмады. Бұл туралы ол TalkLike жобасында журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында айтты.

Әңгіме барысында журналист Райымқұловадан «еңбегін қатты бағалап, тамсанатын» үш әйелді атауын сұрады. Министр, ең бірінші кезекте, өз анасы мен енесінің өнегелі өмірін үлгі ететінін айтты.

«Әртүрлі қиындық болса да, адамгершілігін жоғалтпаған, мол тәжірибе жинаған, аналық махаббатын аямаған аналарымды өте қатты қадірлеймін. Сол кісілердің құндылықтарын сақтауға тырысамын», — деді ол.

Райымқұлова қазақтың ұлы композиторы Ахмет Жұбановтың қызы Ғазиза Жұбанованы да атады. Айтуынша, ол кісі екінші анасындай болып кеткен.

Тағы оқыңыз: Тіл саясаты комитеті министр Райымқұлованың сөзіне қатысты түсініктеме берді

«Мені таңғалдыратын әйелдің бірі. Жас болып, консерваторияға келгенде, осындай адамды кездестіргенім үшін өзімді бақытты санаймын», — деп ағынан жарылды министр.

Ведомство басшысы үлгі ететін әйелдердің қатарында сенат төрағасы Дариға Назарбаева да бар.

«Бүгінде Дариға Назарбаева –  бізге, әйелдер үшін саясатта, жалпы өмірде, өзінің ақылдылығымен, ұстамдылығымен қатты әсер ететін тұлғалардың бірі», — деді ол.

Ал журналистің «саясатта сексизм түсінігі бар ма?» деген сұрағына:

«Менің министр болып тағайындалғаным, мұндай нәрсенің жоқ екенін көрсетеді ғой. Мемлекеттік органдарда, мәжілісте, сенатта гендерлік саясат жүзеге асады. Сондықтан мұндай нәрсе жоқ деп айтуға болады», — дейді Райымқұлова.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова

Айта кетсек, Ақтоты Райымқұлова осы жылдың маусымында мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол вице-министр қызметін атқарған еді.



sputniknews.kz