Ливерпульдіктер Көк-Төбедегі The Beatles ескерткішін көшіріп алды – Ел жаңалықтары

0

Ливерпульде The Beatles тобына ескерткіш қойды. Негізінде дәл осы ескерткіштің түпнұсқасы Алматыдағы Көк-Төбеде орнатылған. Бұл туралы қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай  Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

“Бұл мүсiндi бiз конкурс өткiзiп, көп дизайн ұсыныстардың iшiнен таңдап алып Қазақстанның әйгiлi мүсiншiсi Эдуард Казарянға қола металынан жасатқанбыз. Барлық авторлық құқы Seimar Social Fund-ның жеке меншiгiнде. Ағылшындар копияны ұрықсатсыз жасады. Бiзге ағылшындарға қарсы сотқа беруге болады. Осыған орай не iстеген дұрыс деп ойлайсыз?”, – деп жазды Сейсембай. 

Liverpoolecho басылымының мәліметінше, ескерткішті Rubber Soul ғимаратының иегерлері орнатқан. БАҚ мәліметінше, мүсін Мэтью-стрит орталығында, музыканттардың туған жерінде – Ливерпульде орнатылған. Бұл топ мүшелеріне қойылған бірінші ескерткіш емес. Музыканттардың тағы бір мүсіні Pier Head кешенінде және Hard Day’s Night қонақ үйінің шатырында орнатылған.


Ливерпульдегі ескерткіш. © liverpoolecho.co.uk

Көк-Төбедегі “Битлз орындығы” сульптурасы. Сурет “Көк-Төбе паркінен. 

The Beatles тобының ескерткіші Алматыда 2007 жылы пайда болды. Ескерткіш қоладан жасалған. Джордж Харрисон, Ринго Старр және Пол Маккартни тұрып тұр. Ал Джон Леннон болса орындықта гитарамен отыр.