Лейла Құлжанова ғаламның ең сұлу әйелі атанды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Халықаралық сұлулық байқауы Түркияның Анталия қаласында 1-8 мамыр аралығында өткен

Отыз жеті жастағы қазақстандық әйел Лейла Құлжанова Түркияның Анталия қаласында өткен Universe Beauty 2019 халықаралық сұлулық байқауында Mrs Universe 2019 – ғаламның ең сұлу әйелі атағын жеңіп алды.

1-8 мамыр аралығында өткен байқауда бұл титул үшін әлемнің 20-дан астам елінен келген қыз-келіншектер бақ сынасқан.

Universe Beauty – ең беделді сұлулық, сән және дарын байқауларының ақтық сыны. Бір алаңқайда әлемнің әр елінен жеңімпаздар жиналады. Атап өтсек, бұл сайысқа француз модельері Пьер Карден басшылық етеді.

Бірінші кезеңде қатысушылар ұлттық костюмдермен шықса, әрі қарай спорттық киім үлгілерін көрсетіп, шығармашылық қырынан танылды.

Ал қорытынды кезеңде сұлу қыз-келіншектер кешкі көйлектермен сахнаға шыққан.

Сұлулық фестивалі аясында Miss Universe Beauty 2019, Young Miss Universe 2019, Mrs Universe 2019 байқаулары өтті.

Соңғы конкурс аясында бірнеше номинация ұсынылған – Super Model Universe 2019, Best Talent Universe Beauty 2019, Best Designer Universe Beauty 2019, Global Mua Hair Style Awards.

Қазақстандықтар қандай титулдарды жеңді

Конкурс қорытындысы бойынша бірнеше қазақстандық әр түрлі титулды иеленді. Best Talent Universe Beauty 2019 номинациясын Сымбат Қасымова мен Сабина Қайрат жеңіп алды, Сабина сонымен бірге Mini miss Universe атағын да алған екен.

Super Model Universe 2019 номинациясында Best photo model Universe beauty атағын Қайрат Дінмұхаммед жеңіп алды.

Белгілі болғандай, Universe Beauty жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен қатар белгілі дизайнер Пьер Карденнің өнер фестиваліне қатысуға мүмкіндік алады.

Еске сала кетсек, 2018 жылы Universe Beauty конкурсы Вьетнамда өтіп, ол кезде «Ғалам аруы» атағын Инна Ершова жеңіп алған болатын.

Лейла Құлжанова туралы не білеміз

Лейла Құлжанова – «Халык-Life» Қазақстанның Халық банкінің өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы» АҚ директоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі.

Екі жоғары білімі бар – заң және қаржы саласында. Кандидаттық диссертация қорғаған. Екі ұл тәрбиелеп отыр.

Былтырғы жылы «Миссис Семей 2018» атағын жеңіп алған.

sputniknews.kz

Загрузка...