Лавров Тоқаевтың сауалына жауап берді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сергей Лавров Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі. Биыл бұл оқу орнына 75 жыл толады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров футболды не үшін ұнататынын айтты. Ол әлі күнге дейін бос уақытында осы спортпен шұғылданады. Лавров «Первый канал»-дың Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты жайлы фильмі үшін сұқбат берді.

«Әлі футбол ойнаймын. Әрине, бұрынғыдай жүгірмеймін. Бірақ шабуыл жасаудан, пас беруден керемет әсер аламын. Бұл сезімді еш нәрсемен салыстыра алмаймын», – деді Сергей Лавров.

Тағы оқыңыз: «Жатақханада бірге тұрдық»: Тоқаевтың курстасы оның қандай студент болғанын айтты

«Бірінші арнаның» журналисі оқыған сауалды Лавровқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған екен. Ол студент кезінде Лавровтың футболды жақсы ойнайтынын айтқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сергей Лавров Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі. Биыл бұл оқу орнына 75 жыл толады.



sputniknews.kz

Загрузка...