Круизде болған төрт қазақстандықтан коронавирус табылған жоқ

0

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Жапонияда коронавирусқа байланысты карантинге жабылған Diamond Princess кемесінде болған төрт қазақстандықтың шыққанын, олардан вирус табылмағанын хабарлады.

«Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің ақпаратына сай, екі азаматымыз Токиодағы қонақ үйлердің бірінде» деді СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломаттардың дерегінше, төрт қазақстандықтан коронавирус табылмаған. СІМ хабарлауынша, олар 22 ақпанда елге оралады.

Жапония жағалауында тұрған Diamond Princess лайнерінде 5 ақпанда бір адамнан коронавирус табылып, круиз карантинге жабылған. Кеме ішінде 50 елден 3700 адам болған. Лайнерде 542 адам вирус жұқтырған. 19 ақпанда круиздегі карантин аяқталған еді.

Azattyq