Көлік көміріне NUR белгісін жазу керек пе: ІІМ жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның ІІМ-нің әкімшілік полиция комитеті желіде тараған ақпаратқа жауап берді.

Көлік көміріне NUR белгісін жазу керек пе: ІІМ жауап берді

Ақпаратта көліктердегі мемлекеттік нөмірдің KZ әріптік мағынасын NUR деп ауыстыруға болатынын айтылған. Бұл әңгіме желіде қызу талқыға түсті.

«Бұдан былай көліктерді NUR белгісімен бірге алуға болады. Ол үшін ХҚКО-на жолығып, қөтініш жазып, АЕК-тің (143 925 теңге) 5 700% төлейсіз. Айта кетейік, бұл белгі тек сән ретіде қолданылад», — деп жазылған хабарламада. 

ІІМ-де бұл айтылғандарды теріске шығарды. Мұның 1 сәуір күлкі күніне орай жазылған әзіл екенін ескертті. 

«ІІМ әкімшілік полиция комитеті желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ескертеді», — делінген  ведомстваның Facebook парақшасында. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz