Кезектен тыс сайлауда қазақстандықтардың 77,4%-і дауыс берді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Жалпы сайлауға дауыс беруге құқығы бар қазақстандықтардың 77,4%-і сайлауға қатысты. Бұл туралы ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменова Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

Сағат 20:00 кезінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 9 өңірінде дауыс беру аяқталды. Елорда уақыты бойынша сағат 21:00 кезінде Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру тоқтады. 

Ақмола облысында халықтың – 83,4%, Ақтөбеде – 84,95, Алматыда – 89%, Атырауда – 71,2%, Шығыс Қазақстанда – 84,9%, Жамбылда – 81,3%, Батыс Қазақстанда – 66,3%, Қарағандыда – 77,3%, Қызылордада – 81,6%, Қостанайда – 84,1%, Маңғыстауда – 68,9%, Павлодарда – 81,2%, Солтүстік Қазақстанда – 79,8%, Түркістанда – 84,8%, Нұр-Сұлтанда – 68,95, Алматыда – 52,2% және Шымкентте – 67,6 процент дауыс берді. 

Дауыс беру қорытындылары учаскелерде 12 сағат бойы жүргізіледі. 20 сағат ішінде сайлаушылардың – 77 проценті, 16 сағатта – 65,9 проценті, 14 сағатта – 51,8 проценті, 12 сағатта – 35,1 проценті, 10 сағатта – 12,8 проценті дауыс берді. 

stan.kz

Загрузка...