Кеңес Рақышев $999 тұратын әлемдегі ең алғашқы блокчейн-смартфонды таныстырды (фото) – новости Казахстана

46
- Жарнаманы баса кетіңіз -

SingulariTeam компаниясының негізін қалаушы қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев өзінің Facebook парақшасында әлемдегі ең алғашқы блокчейн-смартфон шыққанын хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Кеңес Рақышев. Фото hommes.kz

Кеңес Рақышев. Фото hommes.kz

2017 жылдың желтоқсан айында Кеңес Рақышев израильдік серіктесі Моше Хогегпен бірге өздерінің жаңа жобасы – әлемдегі ең алғаш блокчейн-смартфон мен FINNEY жеке компьютерін қолдау үшін топтық сатылым мен ICO ұйымдастырған. Онда барлығы 157 885 825 доллар жиналған көрінеді.

Енді осы жылдың қараша айында Рақышев көптен күткен Finney-ді жарыққа шығарды. Құны 999 доллар тұратын смартфонға кез келген адам тапсырыс бере алады.

Finney. Фото androidauthority.com

Finney. Фото androidauthority.com

«Sirin Labs әлемдегі ең алғашқы блокчейн-смартфонды мақтанышпен таныстырады. Finney смартфоны бағасы жағынан да әлемдік нарықта бәсекелестікке төтеп бере алады. Онымен криптовалюталық транзакцияларды жүзеге асыру анағұрлым қауіпсіз болмақ», – деп жазған Рақышев.

Finney. Фото androidauthority.com

Finney. Фото androidauthority.com

Оның айтуынша, Finney-дің негізгі мақсаты – әрбір сандық транзакцияны ең төменгі қауіптілік деңгейімен жүзеге асыру. Сондай-ақ Sirin Labs үшін пайдалануға ыңғайлы осындай өнім түрін шығару маңызды болды.

Finney. Фото androidauthority.com

Finney. Фото androidauthority.com